БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік қызметшілер арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмысты күшейтуде

БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік қызметшілер арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмысты күшейтуде

2025 жылғы 13 мамырда «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Табиғи монополияларды реттеу комитетінің БҚО бойынша департаментінің ұжымымен кездесу өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық сананы арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту болды. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022–2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі ережелері мен өңірде жүзеге асырылып жатқан алдын алу шаралары қаралды.

Аумақтық департаменттің превенция Басқармасының бас маманы Ринат Мұратов әрбір мемлекеттік қызметші қызметтік этиканы ұстанып, парасаттылықтың, ашықтық пен жауапкершіліктің үлгісі болуға тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл құндылықтар мемлекеттік секторда жұмыс істейтіндердің барлығына ортақ болуы қажет.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты тиімді жүзеге асыруға бағытталған тетіктер – ашықтықты арттыру, ішкі бақылауды күшейту, сондай-ақ алдын алу мақсатындағы ағартушылық жұмыстары кеңінен талқыланды.

Профилактикалық шаралар қатарында кәсіби даму, оқыту бағдарламалары мен этикалық тәлімгерліктің маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Іс-шара белсенді пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жетілдіру және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру бойынша нақты ұсыныстар айтты.

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП