Рельстердегі қоғамдық бақылау: жолаушылар тасымалындағы заңдылықты қамтамасыз ету

Рельстердегі қоғамдық бақылау: жолаушылар тасымалындағы заңдылықты қамтамасыз ету

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қоғамдағы заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда.

А.ж. 30 сәуірінде жолаушылар тасымалының сапасын бақылау жөніндегі бірлескен бастама шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер Орал – Шыңғырлау бағыты бойынша жүретін №6874 пойызға мониторинг жүргізді.

Мониторингтің мақсаты – жолаушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, темір жол көліктерінің санитарлық жағдайларын бақылау, билетсіз жолаушыларды анықтау және басқа да бұзушылықтарды болдырмауға бағытталған.

Тексеру қорытындысы бойынша елеулі техникалық бұзушылықтар анықталған жоқ. Негізгі жүйелер - жылыту, жарықтандыру, желдету жақсы жағдайда және жолаушылар үшін негізгі жайлылықты қамтамасыз етеді.

Ұсыныстар ретінде жылжымалы құрамның санитарлық жағдайын үнемі бақылауды жалғастыру қажеттілігі атап өтілді. Жазғы маусым қарсаңында кондиционерлеу жүйелерін қосымша тексеру, сондай-ақ жолаушыларға арналған ақпараттық материалдарды жаңарту ұсынылады.

Бұл мониторинг өңірлік маршруттарда жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.

#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП

#ЗАҢменТӘРТІП