БҚО-дағы қоғамдық мониторинг: «Заң мен тәртіп» қағидаты шеңберінде мамандандырылған ХҚКО жұмысын бағалау

БҚО-дағы қоғамдық мониторинг: «Заң мен тәртіп» қағидаты шеңберінде мамандандырылған ХҚКО жұмысын бағалау

2025 жылғы 30 сәуірде Батыс Қазақстан облысында «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде облыстық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметіне қоғамдық мониторинг жүргізілді.

Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл огенттігінің БҚО бойынша департаментінің өкілдері, қоғамдық белсенділер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер қатысты.

Мониторингтің мақсаты мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау, жүйелі проблемаларды анықтау, сондай-ақ олардың қолжетімділік деңгейін, ашықтығын, тиімділігі мен азаматтарға ыңғайлылығын талдау болды.

Мониторинг барысында келесі тармақтар белгіленді.

Орталықтағы қызметтерге ақы төлеу тек үш банк арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты мониторингтік топ қызметтердің қолжетімділігін кеңейту үшін барлық екінші деңгейдегі банктер арқылы төлемдерді қабылдау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

«Мотоцикл» және «мопед» санаттарындағы теориялық және практикалық емтихандар емтихан комиссиясының қатысуымен өткізілетіні анықталды. Топ процесті автоматтандыру және адам факторының әсерін азайту үшін QPS трекер жүйесін енгізуді қарастыруды ұсынды.

Оң жаңалықтардың ішінде YouTube платформасында жүргізуші куәлігін алу емтихандарының тікелей трансляцияларын өткізу атап өтілді, бұл кез келген адамға процедураның ашықтығын қамтамасыз ете отырып, процесті нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, қабылдауға жазылу QR-код арқылы жүзеге асырылады, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және Орталық қызметкерлері мен азаматтар арасындағы тікелей байланыстарды болдырмауға ықпал етеді.

Мониторинг барысында тиімді мемлекеттік басқарудың негізгі шарты ретінде «Заң мен тәртіп» қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

Осы тұрғыда сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөніндегі шаралар, нормативтік талаптардың сақталуы, рәсімдердің әділдігі мен ашықтығы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің мүлтіксіз сақталуы бағаланды.

#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП

#ЗАҢменТӘРТІП