Батыс Қазақстан облысында ХҚКО-ларда қызмет көрсету сапасын бақылау күшейтілуде

Батыс Қазақстан облысында ХҚКО-ларда қызмет көрсету сапасын бақылау күшейтілуде

2025 жылғы 29 сәуірде Батыс Қазақстан облысында № 2 Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметіне қоғамдық мониторинг жүргізілді.

Бастама БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің, еріктілердің, азаматтық сектор өкілдерінің және қоғамдық белсенділердің қатысуымен «Заң мен тәртіп» қағидаты шеңберінде іске асырылды.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі жүйелі проблемаларды анықтау, сондай-ақ олардың қолжетімділігін, ашықтығын және азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарлануын талдау.

Қатысушылар қабылдау шарттарын, кеңес беру сапасын, кезектіліктің сақталуын және қажетті ақпараттық материалдардың болуын бағалады.

Мониторинг қорытындысы бойынша қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.

Қатысушылар атап өткендей, мұндай іс-шараларды өткізу қоғамдық бақылауды нығайтуға, мемлекеттік мекемелер қызметінің ашықтығын арттыруға және халық тарапынан сенімді қалыптастыруға ықпал етеді.

Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жалғасатын болады. Мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігі тиімді мемлекеттік басқару мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың маңызды шарттары болып табылады.

#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП

#ЗАҢменТӘРТІП