2025 жылғы 29 сәуірде Батыс Қазақстан облысында «Заң мен тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету шеңберінде №1 Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметіне қоғамдық мониторинг жүргізілді.
Іс-шараға БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері, қоғамдық белсенділер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер қатысып, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мәселелерді талқылады.
Мониторингтің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында кездесетін жүйелі мәселелерді анықтау, сондай-ақ олардың қолжетімділігі, ашықтығы, тиімділігі және азаматтар үшін ыңғайлылығы жөнінде сараптама жүргізу болды.
Қызмет көрсету стандарттарының сақталуы, рәсімдердің ашықтығы және азаматтардың құқықтарының қорғалуы ерекше назарға алынды. Бұл халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруға және мемлекеттік органдардың жұмысының тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.
Сонымен қатар, заң мен тәртіпті сақтау мәселелері қаралды, бұл мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуінің негізі болып табылады. Азаматтар мемлекеттік органдармен өзара әрекеттескенде, олардың заңдылыққа, адалдыққа және ашықтыққа сенім білдіруі өте маңызды.
Мұндай бастамалар қызмет көрсету жүйесіндегі әлсіз тұстарды анықтап қана қоймай, сыбайлас жемқорлыққа, формализмге және тиімсіздікке төзбеушілік мәдениетін қалыптастырып, мемлекет пен қоғам арасында тиімді кері байланыс орнатуға ықпал етеді.
Қоғамдық мониторинг жұмысы тұрақты негізде жалғасады, бұл жоғары сапа стандарттарын қалыптастыруға, мемлекеттік органдардың есептілігін арттыруға және азаматтардың билік институттарына деген сенімін нығайтуға мүмкіндік береді.
#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП
#ЗАҢменТӘРТІП