БҚО жастарымен ашық диалог: заң мен тәртіпті нығайтудағы әркімнің рөлі туралы

БҚО жастарымен ашық диалог: заң мен тәртіпті нығайтудағы әркімнің рөлі туралы

А.ж. 29 сәуірінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға арналған кездесу өтті.

Шараға БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің превения Басқармасының басшысы Біржан Хайруллин, облыс прокурорының аға көмекшісі Шахзада Әлібекова, ішкі істер органдарының ардагері, заң ғылымдарының кандидаты Талғат Рахметов, сондай-ақ Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты студенттерде заңдарды сақтаудың маңыздылығы, жеке жауапкершілік және құқықтық мемлекет құрудағы әрбір азаматтың рөлі туралы түсінік қалыптастыру болды.

Студенттерге қоғамдағы мінез-құлық және құқықтық және моральдық құндылықтар негізінде кәсіби мансап құру бойынша практикалық ұсыныстар берілді.

Тұрақты және әділ қоғамның негізгі элементі ретінде заңға құрмет көрсетуге ерекше назар аударылды.

Қазіргі таңда аумақтық департамент өңірдегі барлық білім беру ұйымдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл жастардың құқықтық санасы мен азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға оң әсерін тигізеді. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде әрі жалғасын табады.

#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП

#ЗАҢменТӘРТІП