БҚО-да сот төрелігі жүйесіндегі заңдылықты нығайту мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тәсілдері талқыланды

БҚО-да сот төрелігі жүйесіндегі заңдылықты нығайту мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тәсілдері талқыланды

2025 жылғы 22 сәуірде Орал қаласының №2 сотында заңдылық пен тәртіп қағидаттарын – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен әділ сот жүйесінің негізгі құндылықтарын нығайтуға арналған кездесу өтті.

Іс-шараға БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің превенция Басқармасының басшысы Б.Хайруллин қатысып, 2025-2030 жылдарға арналған заң және тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдаманың негізгі ережелерін ұсынды.

Бұл бастама қоғамда сыбайлас жемқорлықтан тұрақты бас тартуды қалыптастыруға, азаматтарды құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету процестеріне тартуға және құқықтық сана мәдениетін дамытуға бағытталған.

Кездесуге қатысушылар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» моделі аясында жүзеге асырылып жатқан белсенді реформалар жағдайында сот жүйесінің міндеті сот төрелігін қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар ашықтық және жауапкершілік стандарты болу екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігі бүкіл сот жүйесінің нақты және қағидатты ұстанымымен ғана мүмкін болатыны атап өтілді. Тек осылай ғана сотқа және жалпы мемлекеттік институттарға деген қоғамдық сенімнің артуына қол жеткізуге болады.

#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП

#ЗАҢменТӘРТІП