БҚО-ның сот жүйесінде «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту мәселесі талқыланды

БҚО-ның сот жүйесінде «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту мәселесі талқыланды

А.ж. 18 сәуірінде Орал қалалық сотында Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.

Негізгі тақырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен тиімді сот жүйесінің негізі ретінде «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту болды.

Өз сөзінде БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің превенция басқармасының бас маманы Р.Мұратов қоғамдағы орнықты даму мен әділеттіліктің негізі болып табылатын заңдарды мүлтіксіз сақтау және құқықтық тәртіпті сақтау екенін атап өтті.

«Заң мен тәртіп» қағидаты тек ұран ретінде емес, күнделікті тәжірибе болуы керек. Сот жүйесінде бұл өте маңызды, өйткені ол құқық нормаларын іске асыруды және азаматтардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.

Кездесуге қатысушылар сот ісін жүргізудегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету жөніндегі кешенді шараларды, сондай-ақ соттар қызметінің ашықтығын арттыруға бағытталған тәжірибелерді талқылады.

Сот корпусы сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік» төзімділік қағидатын ұстана отырып және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыруға белсенді қатыса отырып, заңдылықты нығайту бағытын одан әрі ұстануға дайын екенін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың тиімділігі заң мен тәртіпті қорғаудағы сот жүйесінің барлық қызметкерлерінің берік ұстанымына тікелей байланысты екендігі атап өтілді.

Осылайша ғана қоғамның сотқа және тұтастай мемлекетке деген сенімін нығайтуға болады.

#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП

#ЗАҢменТӘРТІП