Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізгі қағидасы

Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізгі қағидасы

2025 жылғы 14 сәуір күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің студенттермен кездесуі өтті. Іс-шара «Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізгі қағидасы» ұранымен ұйымдастырылды.

Шара заңның үстемдігі мен құқықтық тәртіпті сақтаудың іргелі қағидатын қолдау мақсатында ұйымдастырылды.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында осы үдерістегі заң мен тәртіптің негізгі рөліне баса назар аудара отырып, әділ Қазақстанды құрудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Осы міндетті іске асыру мақсатында БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған нақты шаралар қабылдауда.

Кездесу 200-ге жуық студентті біріктірді, олар үшін заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелерін талқылау тек өзекті ғана емес, сонымен қатар болашақ кәсіби қызмет аясында да маңызды болды.

Жастар талқыланатын тақырыптарға – тұрақтылықты қамтамасыз етудегі заңның рөліне, күнделікті өмірде құқықтық нормаларды сақтаудың маңыздылығына, сондай-ақ олардың елдің әлеуметтік және экономикалық дамуына ықпалына жоғары қызығушылық танытты.

«Заң мен тәртіп тек дерексіз ұғымдар емес. Бұл қоғамның қауіпсіздігіне, әділдігіне және дамуына кепілдік беретін негізгі қағидалар. Жастардың құқықтық санасы неғұрлым жоғары болса, мемлекетіміздің құқықтық жүйесі соғұрлым күшті болады»,  - деп атап өтті БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің превенция Басқармасының басшысы Біржан Хайруллин.

Шара аясында студенттер сұрақтар қоюға, өзекті құқықтық тақырыптарды талқылауға, сондай-ақ өмірде кездесетін құқықтық жағдайларды шешу бойынша практикалық кеңестер алуға мүмкіндік алды.

Ашық диалог пен қатысудың бұл форматы жастардың тұрақты құқықтық бағдарларын қалыптастыруға ықпал етеді және құқықтық мемлекеттің негіздерін нығайтуда маңызды рөл атқарады.

#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП

#ЗАҢменТӘРТІП