
А.ж. 11 сәуірінде «Заң мен тәртіп» нарративін ілгерілету аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Бәйтерек ауданында азаматтарды көшпелі қабылдауды ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты халықтың құқықтық сауаттылығын күшейту, құқықтық тәртіп органдарымен ашық диалогты қамтамасыз ету және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру болды.
Тұрғындарға заң көмегін адвокаттар, нотариустар, заң кеңесшілері, сот орындаушылары және басқа да бейінді мамандар көрсетті.
Азаматтардың өтініштері еңбек құқықтарын қорғау және жұмыста қалпына келтіру, жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді ресімдеу, отбасылық және мұрагерлік даулар, меншік құқығын тану мәселелері, лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне шағым беру тәртібі сияқты өзекті мәселелерге қатысты болды.
120-ға жуық азамат қолданыстағы заңнамаға сәйкес білікті консультативтік-құқықтық көмек пен түсініктеме алды.
Мұндай көшпелі қабылдауларды өткізу азаматтарға, әсіресе шалғай немесе қолжетімділігі аз аудандарда тұратын азаматтарға қажетті құқықтық көмекті уақтылы алуға, толғандыратын мәселелерді жедел шешуге және мемлекет тарапынан қолдауды сезінуге мүмкіндік береді.
Аталған бастамалар заңдылық, ашықтық және әділеттілік қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді, бұл өз кезегінде «Заң мен тәртіп» нарративінің мақсаттарын тікелей көрсетеді.
#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП
#ЗАҢменТӘРТІП