
«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті нүктелік құрылыс саласындағы ұсынымдарды орындау мәселелері бойынша отырыс өткізді.
Отырысқа БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Әділхан Сабуров, облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов, Орал қаласы әкімінің орынбасары Азамат Халелов, сондай-ақ құрылыс, мемлекеттік-сәулет құрылысы және жер қатынастары саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Отырыс барысында өңір үшін аса маңызды тақырыптардың бірі нүктелік құрылыс саласында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша нақты шаралар талқыланды.
Сонымен қатар, талдау қорытындысы бойынша 13 сыбайлас жемқорлық тәуекел анықталып, оларды жою бойынша 38 ұсыным енгізілді.
Құрылыс нормалары мен стандарттарының сақталуын бақылауды, сондай-ақ барлық деңгейдегі заңсыз әрекеттерді алдын алуды қоса алғанда, нүктелік құрылыс мәселелерін шешуге кешенді бағыттың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Департамент басшысы Әділхан Сабуров ұсынымдарды орындау мәселелерінде іс-әрекеттер нақты нәтижелер әкеліп, облыс тұрғындары үшін қолайлы және қауіпсіз жағдай жасауға ықпал етуі үшін формализмді жоққа шығару қажет екенін атап өтті.
Өз кезегінде, облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов жергілікті билік сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және ықтимал бұзушылықтардың алдын алу үшін белсенді өзара іс-қимыл жасайтынын атап өтті.
Отырыс қорытындысы мониторинг нәтижелеріне сәйкес, анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін қабылданатын шаралар туралы жауапты тұлғаларды ай сайын тыңдау туралы шешім қабылданды.
#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП
#ЗАҢменТӘРТІП