БҚО-ның проблемалық объектілердің құрылысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілердің бақылауында

БҚО-ның проблемалық объектілердің құрылысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілердің бақылауында

«Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту шеңберінде Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі еріктілермен бірлесіп Теректі ауданының Подстепное ауылында 3 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысына мониторинг жүргізді.

Естеріңізге сала кетейік, нысанның құрылысы 2021 жылы басталған болатын. Нысанды аяқтау бірқатар себептерге байланысты кейінге қалдырылды, соның ішінде жобалық құжаттамаға өзгерістер енгізу және материалдардың қымбаттауы.

Мониторинг қорытындысы бойынша қазіргі уақытта аумақты абаттандыру, аулаішілік асфальт төсеу жұмыстары аяқталмаған күйінде қалып отыр. Бұл жұмыстар ағымдағы жылдың шілде айында аяқталады деп жоспарлануда.

Жобаның тапсырыс берушісі «Теректі ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-сі, мердігер – «ARS BUILDING» ЖШС-і болып табылады. Жобаның жалпы құны 614 189 000 теңгені құрайды.

Жобаны іске асыру барысында құрылыс жұмыстарының орындалу сапасына және барлық нормативтік талаптардың сақталуына үнемі мониторинг жүргізіледі.

Құрылысты мерзімінде аяқтау және қаражатты тиімді пайдалану мониторингтің негізгі міндеттері болып табылады. Бұл тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік беріп, Подстепное ауылының инфрақұрылымын дамытуға ықпал етеді.

#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП

#ЗАҢменТӘРТІП