
А.ж. 27 наурызында қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту мақсатында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде профессор-оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесу өткізілді.
Іс-шараға БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің превенция Басқармасының басшысы Б.Хайруллин, қалалық прокуратура прокуроры М.Әдиетов, ішкі істер органдарының ардагері, запастағы полиция полковнигі, ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, заң ғылымдарының кандидаты, БҚИТУ құқық кафедрасының аға оқытушысы Т.Рахметов қатысты.
Кездесудің мақсаты студенттерге заңдарды сақтаудың және қоғам алдындағы жауапкершіліктің маңыздылығын түсіндіру болды. Іс-шараға қатысушылар студенттердің құқықтық мемлекеттегі өз рөлін түсіну қажеттілігіне және әділдік пен заңдылық қағидаттарын ұстанудың маңыздылығына назар аударды.
Студенттерге қоғамдағы дұрыс мінез-құлық және жоғары құқықтық және моральдық құндылықтарға негізделген кәсіби өмір жолында ұсыныстар берілді.
Мемлекет пен қоғамда әділеттілікке қол жеткізу үшін әрбір азаматтың, оның ішінде жастардың да өз жауапкершілігін сезінуі және құқықтық тәртіпті сақтауға қатысуы қажет екендігіне ерекше назар аударылды.
Спикерлер заңды мінез-құлықтың себебі жазадан аулақ болу ғана емес, сонымен бірге жалпы игілік үшін заңды сақтау қажеттілігіне сену болуы керек екенін атап өтті.
Бүгінгі таңда Департаментпен өңірдің барлық білім беру ұйымдары қамтылған, бұл жастардың саналы жауапкершілігін және заңдарға құрметін қалыптастыруға ықпал етеді.
Осы бағыттағы жұмыс қарқыны бәсеңдемейді, «Заң мен тәртіп» қағидатын түсіндіру аясындағы жұмыс жалғастырылатын болады.
#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП
#ЗАҢменТӘРТІП