БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет халықтың құқықтық хабардарлығын жақсарту жөніндегі жұмысты күшейтуде

БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет халықтың құқықтық хабардарлығын жақсарту жөніндегі жұмысты күшейтуде

Батыс Қазақстан облысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы аясында Тасқала ауданына шығу ұйымдастырылды.

Жобаның негізгі мақсаты – тұрғындарға, әсіресе шалғай елді мекендерде тұратындарға заң көмегін көрсету, сондай-ақ заң шеңберінде азаматтардың өзекті мәселелерін жедел шешу.

Кеңесшілер ретінде мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, өңірдің жетекші заңгерлері мен адвокаттары болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер де белсенді қатысты.

Аталған іс-шаралардың мәні тек заңгерлік кеңес беру ғана емес, сонымен қатар «Заң мен тәртіп» қағидатын түсіндіру болып табылады.

Көптеген азаматтар үшін, әсіресе шалғай аудандарда мұндай сапарлар ағымдағы мәселелерді шешіп қана қоймай, олардың құқықтары мен міндеттері туралы маңызды білім алуға мүмкіндік береді. Бұл құқықтық сауаттылықты арттыруға және мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайтуға ықпал етеді.

Осылайша, 80-ге жуық азамат түрлі мәселелер бойынша түсініктеме алды. Негізгі мәселелер медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту, мүгедектердің құқықтарын қорғау, жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экологиялық проблемаларды жою, сондай-ақ құқықтық дауларды шешуге және жер учаскелерін тіркеуге көмек алу мәселелеріне қатысты болды.

Мұндай бастамалар белгілі бір мәселелерді шешу үшін ғана емес, сонымен бірге өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін заң шеңберінде қалай әрекет ету керектігін түсінетін, білімді және құқықтық саналы қоғамды қалыптастыру үшін де маңызды.

#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП

#ЗАҢменТӘРТІП