БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құқық қорғау және сот органдарымен жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру мәселелерін талқылады

БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет  құқық қорғау және сот органдарымен жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру мәселелерін талқылады

Батыс Қазақстан облысында «Заң және тәртіп» қағидатын нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша кездесу өтті.

Шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Снежанна Имашева, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің бірінші орынбасары Мұратбек Қасымов, сондай-ақ құқық қорғау және сот органдарының басшылары қатысты.

Қоғамда елдің тұрақты дамуына негіз болатын «Заң және тәртіп» қағидатын нығайтуға ерекше назар аударылды. Бұл тұжырымдама мемлекеттік басқарудан бастап бизнеске және азаматтардың күнделікті өміріне дейінгі барлық салаларды қамтиды. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, әсіресе құқықтық ақпаратқа қол жетімділігі шектеулі шалғай және ауылдық жерлерде маңызды міндет болып табылады.

Департамент құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында бірқатар шараларды іске асыруда. Атап айтқанда, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында аудан орталықтарына 24 рет барып, 4000-нан астам азаматқа консультациялық көмек көрсетілді. Бұл шаралар әсіресе шалғай аудандардың тұрғындары үшін өте маңызды, себебі олардың өтініштері көбінесе орталыққа жетпей қалуы мүмкін. Мобильді топтар аталған аудандарға барып, халықтың мәселелерін тыңдап, құқықтық көмектер көрсетеді және мәселелерді жедел шешуге ықпал етеді.

Сондай-ақ, заң мен тәртіпті қамтамасыз ету тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барлық азаматтардың ортақ міндеті болуға тиіс екендігі атап өтілді.

«Заңның орындалуы әрқайсымыздың жауапкершілігімізге жүктеледі, тәртіпті сақтау өзіңнен басталады. Құқықты құрметтеу және оны сақтау нормаға айналуы тиіс», - деп атап өтті БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Мұратбек Қасымов.

Бұдан басқа, комплаенс-қызметтердің қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы мониторинг пен сыртқы талдау қорытындылары бойынша ұсынымдарды орындау мәселелері қаралды.

Қатысушылар осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтіп, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік органдар, бизнес және азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға ықпал ететінін айтты.

Мұндай бастамалар  жемқорлық тәуекелдерін ерте кезеңдерде анықтауға және жоюға, құқық қорғау органдарының жұмысының тиімділігін арттыруға, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін нығайтуға ықпал етеді.

#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП

#ЗАҢменТӘРТІП