БҚО-да жемқорлыққа қарсы еріктілер бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуының алдын алды

БҚО-да жемқорлыққа қарсы еріктілер бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуының алдын алды

Волонтерлар «Бірыңғай сатып алу терезесі» жүйесінің мониторингі барысында кеңсе тауарларына сатып алу бағасын көтеру фактілерін анықтады.

Денсаулық сақтау ұйымы жалпы сомасы 4 500 000 теңгеге немесе бірлігіне 9000 теңгеге скотч сатып алуды жоспарлаған, мұндай бір скотчтың орташа нарықтық құны 250-500 теңгені құрайды.

Волонтерлардың ұсыныс хат жолдауы арқылы 4 250 000 теңге сомасына бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың алды алынды.

Бүгінгі таңда ақпараттық жүйе мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алуларына бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бюджет қаражатын онлайн-режимде ұтымсыз пайдаланудың алдын алу жөніндегі пәрменді құрал болып табылатынын атап өту маңызды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы еріктілердің қырағылығының арқасында 37 250 000 теңге үнемделді.