БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 100-ге жуық бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғады

БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет  100-ге жуық бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғады

БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әлеуметтік сезімтал объектілердің құрылысын сүйемелдеумен қатар «Бизнеске жол» жобасын іске асыруды жалғастыруда.

Аталған жоба «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасымен тығыз байланыста жүзеге асырылуда.

Бүгінгі таңда 98 кәсіпкердің проблемалық мәселелері шешілді.

Департаменттің ұсынысымен жұмыспен қамту органдарының және әлеуметтік бағдарламалардың сауда үй-жайының сыртында ақпараттық табло орналастыру жөніндегі заңсыз талабы жойылды (қолданыстағы заңнамаға сәйкес талаптар тек сауда үй-жайының ішкі ресімделуіне ғана қолданылады).

Сондай-ақ, мемлекеттік кіріс органдары нормативтік құқықтық актілерде тиісті норма болмаған кезде мұнай өнімдерін әкетуге негізсіз тыйым салған кәсіпкерлердің құқықтары қорғалған.

Сонымен қатар, конкурстық құжаттамаларға техникалық ерекшеліктерде тауарларды (қызметтерді) келісу туралы талаптарды көрсетудің жүйелі заңсыз практикасы тоқтатылды.