Облыстық ветеринария басқармасының ведомстволық бағынысты мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Облыстық ветеринария басқармасының ведомстволық бағынысты мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментімен облыстық ветеринария басқармасының ведомстволық бағынысты мекемелерімен кеңес өткізілді.

Өз сөзінде Ринат Мұратов 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының негізгі ережелерін түсіндірді.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғау бойынша ақпарат жеткізілді.

2023 жылғы қаңтарда Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғаудың қосымша шаралары белгіленген мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Заңға қол қойды.

Түзетулер осындай адамдардың еңбек мүдделерін қорғауға бағытталған.

Бұл адамдар тәртіптік комиссияның немесе өзге алқалы органның ұсынымдарынсыз тәртіптік жауаптылыққа тартыла алмайды, лауазымынан босатыла алмайды немесе басқа лауазымға ауыстырыла алмайды.

Бұл ретте мемлекеттік орган немесе ұйым сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілін оның отырысына қатысу үшін шақыруға міндетті болады.

Сондай-ақ, жария еткені үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу арқылы осы адамдар туралы құпия ақпаратты қорғау шаралары күшейтілді.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.