Мемлекеттік мекемелердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар

Мемлекеттік мекемелердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар

БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен Батыс Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мен Техникалық реттеу және метрология комитетінің облыстық департаменті қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

2023 жылғы 3 қаңтарда мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң жобасының негізгі міндеттері мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың және оларға теңестірілген адамдардың негізсіз байытылуын бақылаудың алдын алу шаралары арқылы сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын адамдарды, оның ішінде олардың еңбек құқықтарына нұқсан келтіруден және ұсынылған ақпараттың құпиялылығынан кепілдіктер арқылы тиісті қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

«Мемлекеттік қызметшілердің немесе мемлекеттік қызметке кандидаттар болып табылатын адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамауы лауазымға қабылдаудан бас тартуға не лауазымнан босатуға әкеп соғатынын, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаған жағдайларда оларды сақтамауы олардың мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті тоқтатуы үшін негіз болып табылатынын атап өту маңызды», - деп дөңгелек үстел қатысушыларына айтып берді Ринат Мұратов.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.