Жемқорлыққа қарсы мобильді топ БҚО Тасқала ауданының азаматтарына құқықтық көмек берді

Жемқорлыққа қарсы мобильді топ БҚО Тасқала ауданының азаматтарына құқықтық көмек берді

Батыс Қазақстан облысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы аясында Тасқала ауданына шығу ұйымдастырылды.

Жобаның негізгі мақсаты - тұрғындарға, әсіресе шалғайдағы елді мекендерге заңгерлік кеңес беру және мүмкіндігінше заң шеңберінде азаматтардың өзекті мәселелерін шұғыл шешу.

Кеңесшілер ретінде мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, өңірдің жетекші заңгерлері мен адвокаттары қатысты.

Антикор-еріктілер де белсенді қатысты. Естеріңізге сала кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасын іске асыруда, оның бағыттарының бірі «рго bono волонтерлік» болып табылады.

40-қа жуық азамат түрлі мәселелер бойынша түсініктеме алды. Өтініш берушілердің негізгі мәселелері жұмысқа орналасу, жергілікті жолдардың жай-күйі, елді мекендердің аумақтарын абаттандыру, отбасылық-тұрмыстық қатынастар, мемлекеттен несие, жеңілдіктер мен субсидиялар алу мәселелеріне қатысты болды.

Жоба шеңберінде заң нормаларына сәйкес одан әрі шешу үшін кейбір мәселелер мемлекеттік органдардың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің лауазымды адамдарының бақылауына алынды.