БҚО-да кәсіпкерлерге кедергі келтірген шенеунік тәртіптік жауапкершілікке тартылды

БҚО-да кәсіпкерлерге кедергі келтірген шенеунік тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасы арқылы «Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің шенеунігінің заңсыз әрекеттеріне кәсіпкерлер жүгінді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде кәсіпкерлерге кедергі келтірген шенеунік тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан кәсіпкерлерге ақпараттық таблоны сауда үй-жайының сыртына орналастыру жөнінде негізсіз талаптар қойылғаны анықталды.

Аталған таблоны кәсіпкерлер сауда үй-жайының сыртына орнатқан. Оны орнату сыртқы (көрнекі) жарнама үшін салық төлемдерін кейіннен төлеуді көздейді.

Бұл ретте, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер жөніндегі қағидаларға сәйкес талаптар сауда үй-жайының ішкі ресімделуіне ғана қолданылады.

БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысымен анықталған кемшіліктер жойылып, кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды.