БҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Әділхан Сабуров, қала және аудан әкімдері, облыстық басқармалардың басшылары қатысты.
Отырыс барысында білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәселелер қаралды.
Департамент басшысы Әділхан Сабуров өз баяндамасында айтып өткендей, өңірдегі сыртқы талдау барысында бірқатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Атап айтқанда, білім беру қызметін жүзеге асыру кезінде; бірінші басшыларды ротациялауды жүзеге асыру кезінде; жұмысқа қабылдау кезінде; нормативтік оқу жүктемесін бөлу кезінде; мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде; бюджет қаражатын ұрлау белгілерімен.
Мысалы, 14 білім беру ұйымдарында жалпы сомасы 131 366,0 мың теңгеге бюджет қаражатын ұрлау белгілері бар фактілер іріктеп зерделеу арқылы анықталды.
Сонымен қатар, Чуваш орта жалпы білім беретін мектебінің ғимаратын күрделі жөндеуді аяқтаудың жоспарлы мерзімдерінің бұзылуы анықталған болатын.
Бұл ретте Тапсырыс беруші Бәйтерек ауданының білім бөлімі басшысының атынан тиісті жұмыстарды жүргізбестен жалпы сомасы 8 млн теңгеден астам бюджет қаражатын аударды, сол арқылы мемлекетке залал келтірілді.
Осыған байланысты профилактикалық іс-шаралар шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша тиісті ұсынымдар ұсынылды.
Сондай-ақ, отырыс барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы уәкілетті органдар басшыларының есебі тыңдалды.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов департамент басшысының көтерілген мәселелер бойынша ұсынымдарын қолдап, уәкілетті органдардың басшыларына, сондай-ақ қалалар мен аудандардың әкімдеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және жіберілген бұзушылықтарды жою жөніндегі шараларды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Сонымен қатар, ол барлық іс-әрекеттерде әділдік, адалдық және ашықтық принциптерін сақтау қажет екенін ескертті.