Оралда мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу мерзімін заңсыз қысқартқан

Оралда мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу мерзімін заңсыз қысқартқан

БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 43-бабын бұза отырып, Мемлекеттік сатып алу туралы шарттарда орындау мерзімдері 15 күннен аз көрсетілген Орал қаласының мектепке дейінгі ұйымдарына шағымданған кәсіпкерлер жүгінді.

Департаментпен қалалық білім бөліміне тиісті ұсынымдар жолданды.

Олардың нәтижелері бойынша шарттар Заңға сәйкес келтірілді, қызмет көрсету мерзімі ұлғайтылды, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Осылайша, 47 кәсіпкердің құқықтары қорғалды.