БҚО-да кәсіпкерлерге жер учаскесін беруден негізсіз бас тартқан

БҚО-да кәсіпкерлерге жер учаскесін беруден негізсіз бас тартқан

БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ-ның бірлескен қызмет туралы шарттар аясында  өз міндеттемелерін орындамай жер учаскелерін беруден  негізсіз бас тарту мәселесімен кәсіпкерлер жүгінді.

Осылайша, бұрын жасалған шарттарға сәйкес объектілердің құрылысы аяқталған кезде «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ кәсіпкерлерге жер пайдалану үшін жер учаскелерін беруге міндетті болған.

Департамент барлық мүдделі тұлғалардың қатысуымен кеңес өткізіп, қорытындысы бойынша «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ өзінің шарттық міндеттемелерін орындауға міндеттенді.

Фото: ашық дереккөзден.