Патрульдік полиция батальонының взвод командирі пара алу бойынша әшкереленді

Патрульдік полиция батальонының взвод командирі пара алу бойынша әшкереленді

БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті облыс прокуратурасы үйлестіруімен Орал қаласының Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының взвод командиріне қатысты пара алу қылмысы әшкереленіп, қазіргі таңда қылмыстық іс тергелуде.

Полиция қызметкері РФ аумағынан астық әкелінген жүк көліктерін Орал қаласының аумағында артық салмақпен кедергісіз жүріп-тұрғаны және одан әрі жалпы қамқорлығы үшін «Т.» азаматынан 110 000 теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат таратылуға жатпайды.

Сонымен қатар, Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, әркім өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәлiлiгi осы Кодексте көзделген тәртiппен дәлелденгенге және соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кiнәсiз болып саналады.