
2023 жылғы 15 ақпанда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті «Орал қалалық кітапхана жүйесі» КММ № 2 филиалының ұжымымен кездесу ұйымдастырды.
Шараға БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Превенция басқармасының бас маманы Ринат Мұратов қатысты.
2023 жылғы 3 қаңтарда мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заң жобасының негізгі міндеттері мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың және оларға теңестірілген адамдардың негізсіз байытылуын бақылаудың алдын алу шаралары арқылы сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын адамдарды, оның ішінде олардың еңбек құқықтарына нұқсан келтіруден және ұсынылған ақпараттың құпиялылығынан кепілдіктер арқылы тиісті қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
Өз сөзінде Ринат Мұратов 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері мен талаптарын түсіндірді.
Өздеріңіз білетіндей, тұжырымдаманың 6 бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін барынша азайтуға, сыбайлас жемқорлық үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға одан әрі ауқымды тарту жөнінде шаралар қабылдауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты мониторингілеуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған нақты реформалар мен жобалар қамтылған.
Сондай-ақ, сапалы ішкі талдау жүргізу сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі шараларды іске асырудың тиімділігін арттырудың аса маңызды аспектісі болып табылатынын атап өтті. Ұйымдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың пайда болу ықтималдығын болдырмау талдау жүргізудің, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін уақтылы анықтаудың және кейіннен жоюдың тиісті дағдыларына байланысты.
Сонымен қатар, БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде 2022 жылдың есептік кезеңінде тіркелген сыбайлас жемқорлық фактілерінің статистикасы жеткізілді.
Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.