БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы кедергісіз бизнеске шақырды

БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы кедергісіз бизнеске шақырды

2023 жылғы 25 қаңтарда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Қыдырбаев «AQJAIYQ» телеарнасында бизнесті қорғау мәселелері бойынша «Ел алдында» телебағдарламасының тікелей эфиріне қатысты.

Тікелей эфир барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы,  сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды ынталандыру, құқық қорғау органдарына қызметке орналасу мәселелері де айтылды.

Өздеріңізге белгілі, бүгінгі таңда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мемлекеттің өзекті және басым бағыттарының бірі болып табылады.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бизнес өкілдерімен кездесуінде бизнестің, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін кез-келген әрекет мемлекетке қарсы қылмыс ретінде қарастырылуы керек екенін атап өтті.

Департамент бизнесті мемлекеттік құрылымдардың заңсыз араласуынан қорғау бойынша тұрақты негізде шаралар жүргізуде.

«Құрметті бизнес өкілдері! Батыс Қазақстан облысында заңдылықты бұзудың әрбір фактісіне жедел ден қою мақсатында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша мобильдік топ құрылды.

Егер сіз бақылаушы органдар мен лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттеріне ұшыраған болсаңыз, жұмыс күндері сағат 09.00-19. аралығында менің жеке қабылдауыма  келуге  болатынын хабарлаймын.

Бизнес субъектілерінің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қатаң бақылауында екенін атап өту маңызды», - деді Нұрлан Қыдырбаев.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.