Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының қызметкерлерімен кездесу

Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының қызметкерлерімен кездесу

Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментімен «Antikor Ortalygy» сервис орталығында Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының қызметкерлері үшін кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараға БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің превенция Басқармасының басшысы Біржан Хайруллин қатысты.

Өз сөзінде Біржан Хайруллин 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері туралы баяндады. Сондай-ақ, БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде 2022 жылдың есептік кезеңінде тіркелген сыбайлас жемқорлық фактілерінің статистикасын атап өтті.

Тұжырымдаманың 6 бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін барынша азайтуға, сыбайлас жемқорлық үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға одан әрі ауқымды тарту жөнінде шаралар қабылдауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты мониторингілеуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған нақты реформалар мен жобалар қамтылған.

Кездесу соңында мемлекеттік қызметкерлерге қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәденитетті, парасаттылықты қалыптастыруға бағыттылған әулеметтік бейнеролик көрсетілді.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.