Сот жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Сот жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

2022 жылдың 12 тамызда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті және Батыс Қазақстан облыстық соты қызметкерлері үшін сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша семинар ұйымдастырды.

Аталған іс-шараның мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің қолданыстағы заңнаманы сақтауы, конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.

Іс-шараға Соттар Әкімшісінің бөлім басшылары мен мамандары, аудандық соттар БКБ арқылы қатысты.

Іс шараны Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар Әкімшісінің басшысы Малик Кенжалиев алғы сөзімен ашты.

Өз сөзінде БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Превенция басқармасының басшысы Биржан Хайруллин 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері мен талаптары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидалары туралы баяндады. Сондай-ақ, БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде 2022 жылдың есептік кезеңінде тіркелген сыбайлас жемқорлық фактілерінің статистикасын атап өтті.

Тұжырымдаманың 6 бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін барынша азайтуға, сыбайлас жемқорлық үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға одан әрі ауқымды тарту жөнінде шаралар қабылдауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты мониторингілеуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған нақты реформалар мен жобалар қамтылған.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.