БҚО бойынша экология департаментінің қызметкерлері тергеу изоляторында болды

БҚО бойынша экология департаментінің қызметкерлері тергеу изоляторында болды

2022 жылдың 11 тамыз күні БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің қызметкерлері үшін РУ 170/1 тергеу изоляторына экскурсия өткізді.

Тергеу изоляторларының қызметкерлері экскурсияға қатысушыларды ертіп жүріп, тергеу кабинеттерін, қылмыс жасаған қылмыскерлерге арналған камераларды, қамаудағылардың серуендейтін орнын көрсетті.

Шараның басты мақсаты-мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, бас бостандығынан айыру мекемелерінде болудың ауыртпалығын сезіну, оларды сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау салдарларымен таныстыру үшін оларды қамаудағылар әлеміне енгізу.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.