Батыс Қазақстан облысында өтіп жатқан «Заң мен тәртіп» апталығы аясында мемлекеттік органдар қызметінде ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз етуге ерекше назар аударылуда.
Апталық аясындағы маңызды іс-шаралардың бірі – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті мен ҚР ҰҚК Шекара қызметі БҚО департаменті өкілдерінің бірлескен кездесуі болды.
Кездесудің басты тақырыбы – мемлекеттік шекараны қорғауға жауапты органдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді нығайту.
«Заң мен тәртіп» қағидасы – мемлекеттік қызметтің ажырамас негізі. Оның сақталуы – әділдікке, қауіпсіздікке және азаматтардың сеніміне кепіл», – деп атап өтті БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысының бірінші орынбасары М. Қасымов.
Кездесу барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа құқықтық шараларға ерекше назар аударды. Атап айтқанда, 2023 жылғы 3 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған заңда:
Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП