2025 жылғы 25 маусымда Батыс Қазақстан облысы Зашаған кентінде республикалық «Заң мен тәртіп» акциясы аясында автожолдың ағымдағы жөндеу жұмыстарының сапасына көшпелі мониторинг жүргізілді.
Бақылау жұмысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер, қоғамдық кеңес өкілдері, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК-ның өңірлік филиалының мамандары, сондай-ақ жол жөндеу жұмыстарын жүргізетін тапсырыс беруші мен мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты.
Тексеру барысында жөнделіп жатқан жол учаскесіне визуалды шолу жасалып, сондай-ақ арнайы құрал – керноалғыш арқылы асфальт-бетон жамылғысының үлгілері алынып, аспаптық бақылау жүргізілді.
Барлық процедуралар техникалық талаптарға сай жүргізілді, керннің күйі мен алыну әдістемесіне қатысты ескертулер анықталған жоқ.
Тапсырыс беруші, мердігер, сарапшылар мен қоғам өкілдерінің қатысуы жұмыстар сапасын арттыруға және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған ашық бақылау форматын қамтамасыз етті.
Мұндай бірлескен бақылау іс-шаралары сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жұмыстардың маңызды бөлігі болып табылады және қоғамда азаматтық белсенділік мәдениетін қалыптастырады.
Сонымен қатар, бұл тәжірибе мердігер ұйымдардың жауапкершілігін арттыруға және халық пен мемлекет арасындағы сенімді нығайтуға ықпал етеді.
Қоғамдық мониторинг жұмыстары өңірдің басқа да нысандарында жалғасатын болады. Анықталған барлық ескертулер (болған жағдайда) уәкілетті органдарға жедел түрде жолданады.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП