БҚО-да «Заң мен тәртіп» жалпыұлттық баяндамасы аясында «Ашық қабылдау» акциясы басталды

БҚО-да «Заң мен тәртіп» жалпыұлттық баяндамасы аясында «Ашық қабылдау» акциясы басталды

Батыс Қазақстан облысында «Заң мен тәртіп» атты жалпыұлттық нарратив аясында «Ашық қабылдау» акциясы өз жұмысын бастады.

Іс-шараның мақсаты — азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттік органдардың ашықтығын күшейту және халыққа заң көмегін қолжетімді ету.

Акцияға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Р.Яғмұсов, қызметкерлер, сондай-ақ өңірдің басқа да құқық қорғау және уәкілетті органдарының өкілдері қатысты.

Акцияның басты ерекшелігі — тұрғындармен қоғамдық орындарда тікелей кездесулердің ұйымдастырылуы. Сауда орталықтарында, саябақтарда, халыққа қызмет көрсету орталықтарында және аудандық орталықтарда өткен бұл кездесулер халыққа мамандардан тегін кеңес алуға мүмкіндік берді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері азаматтарға жемқорлық фактілері туралы арыз беру тәртібін, 1424 нөмірлі бірыңғай байланыс орталығының жұмысын түсіндіріп, арызданушылардың жеке мәліметтері құпия сақталатынын және мемлекеттік қорғауға алынатынын атап өтті.

Мұндай шаралар халықтың құқықтық сауатын арттыруға, мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайтуға және қоғамда жемқорлыққа мүлде төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

#заң&тәртіп

#заңментәртіп

#законипорядок