2025 жылғы 17 маусымда «Заң мен тәртіп» қағидатын кең көлемде іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ұжымымен кездесу өткізді.
Шара заңдылықты нығайтуға, қызметкерлердің құқықтық санасын арттыруға және квазимемлекеттік сектор ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталды.
Департаменттің бас маманы Ринат Мұратов өз сөзінде «Заң мен тәртіп» қағидаты мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты екенін, адал, ашық және есеп беретін басқару жүйесін құруға бағытталғанын атап өтті.
Кездесуге қатысушыларға 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының ережелері, комплаенс қызметтерінің функциялары мен міндеттері, сондай-ақ ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және талдау тәсілдері түсіндірілді.
Тұжырымдаманың алты негізгі бағытына, оның ішінде жауапкершіліктің кешіктірілмейтіндігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа құқықтық тосқауылдар жасауға және азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы процестерге белсенді тартуға ерекше назар аударылды.
Кездесудің соңында қызметкерлерге адалдық қағидаларын қолдауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнеролик көрсетілді.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП