А.ж. 16 маусымында Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық еңбек инспекциясы Басқармасының қызметкерлеріне арналған семинар өткізілді.
Шара барысында БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бас маманы Ринат Мұратов Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыттарын жан-жақты таныстырды.
Тұжырымдаманың басты назарында азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру, заң үстемдігін нығайту, құқықбұзушылық пен жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, әсіресе жастар арасында құқықтық ағартуды дамыту тұр. Сонымен қатар, құжат құқық қорғау жүйесін жаңғырту мен оған деген сенімді арттыруды көздейді.
Заңдылықты қамтамасыз етуде цифрлық технологияларға ерекше мән беріледі — eGov жүйесін дамыту, ашық деректерді енгізу және құқық бұзушылық жағдайларын талдау, қауіптерді анықтау және алдын алу үшін жасанды интеллектті қолдану.
Тұжырымдаманы жүзеге асыру қоғамдық тәртіпті нығайтуға, құқықтық жауапкершілік атмосферасын қалыптастыруға және азаматтарды тәртіп пен заңдылықты қолдауға белсенді тартуға бағытталған.
Заң мен тәртіпті жүйелі және кешенді түрде нығайту арқылы ғана әрбір адам өзін қорғалған және әділдікке сенімді сезінетін қоғам құруға болады.
Осы тұжырымдаманы енгізу құқықбұзушылық деңгейін төмендетумен қатар, мемлекеттік институттарға деген сенімді арттыруға, елдің тұрақты дамуы мен азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП