БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі халықаралық «Сырым» өткізу пунктінде бақылауды күшейтуде

БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі халықаралық «Сырым» өткізу пунктінде бақылауды күшейтуде

«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету шеңберінде Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Әділхан Сабуров халықаралық «Сырым» өткізу пунктіне выезддік мониторинг жүргізді.

«Сырым» өткізу пункті Батыс Қазақстан облысындағы ең ірі өткізу бекеттерінің бірі болып табылады. Бұл жерден күн сайын Қазақстан мен Ресей азаматтарымен қатар, үшінші елдерге бағытталған транзиттік автокөліктер де өтеді.

Мониторинг барысында аумаққа шолу жүргізіліп, азаматтармен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында бірқатар өзекті мәселелер айтылды. Атап айтқанда, электрондық кезек жүйесінің жұмысы мен бақылаушы органдардың қашық орналасуына байланысты сұрақтар көтерілді.

Бұл қолайсыздықтар, әсіресе қыс мезгілінде, азаматтар мен кәсіпкерлер үшін елеулі қиындықтар туғызады.

Көлік жүктемесінің жоғары болуын ескере отырып, «Сырым» өткізу пункті бірқатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім, бұл оның жұмысын ашық әрі тиімді ету үшін кешенді көзқарасты қажет етеді.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға келесі ұсынымдар берілді:

 - электрондық кезектен өту кезінде туындайтын даулы мәселелерді реттеу үшін «жедел желі» құру;

 - «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мүмкіндігін қарастыру;

 - кеден бекетінің аумағында асфальт төсемдерін сәйкестікке келтіру.

Әділхан Сабуров бұл жағдайдың азаматтардың, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың және шетел азаматтарының мүдделеріне тікелей әсер ететінін ескере отырып, уәкілетті органдар тарапынан жедел әрекет етудің маңыздылығын атап өтті.

Аталған ұсынымдардың орындалуы Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бақылауында.

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП