БҚО-да жер қойнауын пайдаланушылардың қаражаты есебінен жобаларды іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жолдары талқыланды

БҚО-да жер қойнауын пайдаланушылардың қаражаты есебінен жобаларды іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жолдары талқыланды

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде Манарбек Ғабдуллиннің төрағалығымен Батыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңесі жанындағы Құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Комиссия отырысында жер қойнауын пайдаланушылардың қаражаты есебінен жобаларды іске асыру мәселелері бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижелері қаралды.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Мұратбек Қасымов, мемлекеттік органдар мен жұртшылық өкілдері қатысты.

Мониторинг нәтижелері жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуын көрсетті, оның ішінде:

  • әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларды іріктеу мен бекітудің ашық және нақты регламенттелген рәсімдерінің болмауы;
  • жобаларды жоспарлау және іске асыру туралы ақпаратқа жұртшылықтың шектеулі қолжетімділігі;
  • жобалау-сметалық құжаттаманың ашықтығы;
  • қосалқы мердігерлерді олардың қаржылық жағдайын, беделін және техникалық базасын тиісті бағалаусыз тарту.

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың қызметін реттейтін қолданыстағы келісімдер мен нормативтік-құқықтық актілерді қайта қарау мақсатында Департаментпен мынадай ұсынымдар әзірленді:

  1. Әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобалардың тізбесін бекіту алдында оны БҚО мәслихатының бюджет және Өңірлік даму жөніндегі комиссиясына келісуге, кейіннен қоғамдық кеңесте талқылауға жіберу.

    2. Жер қойнауын пайдаланушылардың қаражаты есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобалар бойынша жобалау-сметалық құжаттамаға міндетті мемлекеттік сараптаманы көздейтін заңнамаға өзгерістер енгізуге бастамашылық жасау.

  1. Қаржылық тұрақтылығын, кәсіби құзыреттілігін және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін міндетті тексеруді қоса алғанда, қосалқы мердігерлік ұйымдарға қойылатын талаптарды күшейту.

    4. Жер қойнауын пайдаланушылардың мердігерлер, жұмыстардың көлемі мен құны туралы ақпаратты, сондай-ақ растайтын құжаттарды аша отырып, жыл сайын іске асырылатын әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобалар бойынша егжей-тегжейлі есептерді ұсыну міндетін белгілей отырып, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске түзетулер енгізу.

«Заң мен тәртіп» қағидаты жауапкершіліктің еріксіздігін және ресурстарды бөлу мен пайдалануда, әсіресе әлеуметтік салада толық ашықтықты талап етеді. Отырыс барысында атап өтілгендей, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмыс тек бақылау және мониторинг тетіктеріне ғана емес, сонымен қатар жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ететін заңнамалық өзгерістерге де негізделуі тиіс.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті осы бағыттағы, оның ішінде мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғам өкілдерімен және салалық басқармалармен өзара іс-қимылда белсенді жұмысын жалғастырады.

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП