2025 жылғы 4 маусымда «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиын барысында өңірдегі автомобиль жолдарының жай-күйі мен сапасына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
«Заң мен тәртіп» қағидаты барлық мемлекеттік органдардың қызметінде ашықтықты, есептілікті және заңдылықты қамтамасыз етуді, сондай-ақ жұртшылық тарапынан жүйелі бақылауды көздейді. Жол саласы контекстінде бұл бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалуына жол бермеуді, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуды және жол құрылысы мен жөндеудің барлық кезеңдерінде жобалық, техникалық және нормативтік талаптарды қатаң сақтауды білдіреді.
Қоғамдық кеңес мүшелерінің Казталов, Жәнібек, Бөкей ордасы және Жаңақала аудандарына сәуір айындағы көшпелі мониторингінің қорытындысы талқылауға себеп болды.
Сапар барысында жол инфрақұрылымының қанағаттанарлықсыз жай-күйіне азаматтардың көптеген өтініштері мен шағымдары, сондай-ақ уәкілетті органдардың атына негізделген шағымдар тіркелді.
Отырысқа Қоғамдық кеңестің төрағасы Б.Атауов, БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары М.Қасымов, БҚО ПД әкімшілік полиция бастығының орынбасары О.Ибраемов, облыстық көліктік бақылау инспекциясының басшысы Р.Ашкеев, Ұлттық жол активтері сапасы орталығының өңірлік филиалының басшысы Р.Зинетов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы М.Қуанышалиев қатысты.
Аумақтық департамент жүргізген талдау қорытындысы бойынша 18 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталып, оларды жою бойынша 44 ұсыным дайындалды.
Жүйелік тәуекелдердің бірі автомобиль жолдарын паспорттаудың болмауы деп танылды, бұл бюджет қаражатын келісілмеген, ретсіз жоспарлауға және негізсіз бөлуге әкеледі.
2019 жылдан бастап 195 жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, оның 68-і іске асырылмаған. Тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының жалпы сомасы 271,2 млн теңгені құрады.
Отырыс қорытындысы бойынша аумақтық департамент келесі негізгі ұсынымдарды ұсынды:
Ұсыныстарды іске асыру және проблемаларды жүйелі шешу мақсатында жауапты ведомстволардың басшыларына 10 күн мерзімде Қоғамдық кеңеске анықталған бұзушылықтарды жоюға және жол саласын басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған жазбаша және нақтыланған ұсыныстар беру тапсырылды.
Қоғамдық кеңес ұсынымдардың іске асырылуын, транспаренттілік пен есептілік қағидаттарының сақталуын, сондай-ақ көлік инфрақұрылымы саласында орнықты нәтижелерге қол жеткізу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы және бақылаушы құрылымдармен өзара іс-қимылды бақылауды жалғастыратын болады.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП