Батыс Қазақстан облысында Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне «Заң мен тәртіп» қағидатының негізгі рөлі еске салынды

Батыс Қазақстан облысында Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне «Заң мен тәртіп» қағидатының негізгі рөлі еске салынды

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлімінің қызметшілеріне түсіндіру іс-шара өткізілді.

Іс-шараға аумақтық департамент басшысы Әділхан Сабуров, бірінші орынбасары Мұратбек Қасымов және әртүрлі бөлімшелердің атынан 300-ге жуық әскери қызметші қатысты.

Кездесудің мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы берік мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сананы нығайту және жеке құрамды заңдылық пен тәртіп қағидаттарын сөзсіз ұстануға тәрбиелеу.

Дәріс барысында барлық күш құрылымдарының жұмысы құрылуы тиіс «Заң мен тәртіп» іргелі қағидатына ерекше назар аударылды. Әскери қызметшілерге бұл ұжымның бірлігін, тәртіпті сақтауды және қоғамның сенімін қамтамасыз ететін заң, әскери ант және қызметтік этика нормаларын қатаң сақтау қажеттігі еске салынды.

Жеке құрам алдында сөз сөйлеген департамент басшысы Әділхан Сабуров былай деді:

«Отанға қызмет ету – бұл тек әскери қызмет атқару ғана емес, сонымен бірге адалдықтың, жауапкершіліктің үлгісі болу. «Заң мен тәртіп» қағидаты абстрактілі ұғым емес, әр әскери қызметші үшін нақты іс-әрекет нұсқаулығы. Біздің ортақ міндетіміз – сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністерін жою, азаматтардың сенімін нығайту және ұжым ішінде моральдық тұрақтылықты сақтау».

Әскери қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелері ұсынылып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудың заманауи шаралары белгіленді, құқық бұзушылықтардың құқықтық салдары түсіндірілді. Қызметтік этиканы бұзатын және әскери ортадағы моральдық-психологиялық ахуалды бұзатын жарғылық емес қатынастарға жол бермеу мәселесі жеке көтерілді.

Кездесу соңында қатысушылар әрбір әскери қызметшінің «Заң мен тәртіп» қағидатына адалдық пен жауапкершіліктің жеке үлгісін көрсете отырып, мемлекеттік қауіпсіздік пен қоғамдық тыныштықтың тірегі ретінде Ұлттық ұланның құқықтық тәртіпті және сенімді нығайтуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП