
Қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаменті бастамасымен «Абай сөзі – әділдік темірқазығы» атты республикалық зияткерлік ойын ұйымдастырылды.
Аталған жобаның басты мақсаты – жастарды Абайдың терең рухани мұрасымен қайта қауыштыру ғана емес, сонымен қатар әділдік, адалдық және адамгершілік қағидаттарын қазіргі қоғамда басты өмірлік құндылық ретінде ұлықтап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру.
Республика бойынша әр өңірден келген командалар арасында ерекше білім мен парасаттылық танытқан – Батыс Қазақстан облысынан Ж.Досмұхамедов атындағы Жоғары педагогикалық колледжінің студенттері. Олар жоғары эрудицияны, командалық бірлікті және Абай философиясын терең түсінуді көрсете отырып, байқаудың бірінші жүлделі орнына ие болды.
Зияткерлік ойын барысында қатысушылар Абайдың қанатты сөздерін терең талдап, түрлі сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі қоғам мен мемлекеттік қызметтегі моральдық-этикалық мәселелерге қатысты пікірлерін ортаға салды.
Студенттердің айтуынша, іс-шараға қатысу олар үшін жай ғана конкурс емес, нағыз рухани тәжірибе және жеке өсуге серпін болды. Олар жастар арасында азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді тәрбиелеу үшін осындай жобаларды ұйымдастырудың жоғары деңгейін және маңыздылығын атап өтті.
Бұл байқау – жастар арасында «Заң және тәртіп» қағидатын нығайтумен қатар, адалдық пен парасаттылықты олардың дүниетанымының ажырамас бөлігі ретінде қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама болды.
Жеңімпаздар салтанатты түрде дипломдармен, алғыс хаттармен және ұйымдастырушылардың естелік сыйлықтарымен марапатталды. Бұл жеңіс – Абай мұрасының мәңгілік екендігін тағы бір дәлелдеп, Қазақстан жастарының бойында жоғары адамгершілік пен адалдық қасиеттерінің бар екендігін көрсетті.
БҚО студенттерін тамаша жеңісімен құттықтаймыз! Біз олардың жетістіктерін зор мақтаныш етеміз және алдағы уақытта да биік белестерден көріне беретініне сеніміміз мол!
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП