
А.ж. 28 мамырда Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сот сараптамалары орталығының облыстық филиалының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі бағыттары, тәуекелдерді азайтудың тиімді тәсілдері мен корпоративтік этиканы нығайту жолдары талқыланды.
Сонымен қатар, қатысушылар заңнамадағы өзекті өзгерістерге және корпоративтік жауапкершіліктің транспаренттілік пен заңдылыққа негізделген қағидаттарына назар аударды.
Кездесудің басты тақырыбы – «Заң мен тәртіп» қағидаты болды. Еңбек қызметіндегі нормативтік талаптарды, кәсіби этика мен әділдікті қатаң сақтау қажеттілігі ерекше атап өтілді.
Қызметкерлер пікірталасқа белсенді қатысып, өздерінің адал еңбек пен заңға деген адалдығын білдірді.
Олар комплаенс-тәсілдерді енгізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралдарды күнделікті тәжірибеде тиімді қолдану бойынша бірқатар маңызды сұрақтар қойды.
Мұндай кездесулер ұйымдарда заңдылық, жауапкершілік және ашықтық қағидаттарына негізделген тұрақты корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.
Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтып, қызметкерлер арасында да, қоғам тарапынан да сенімді арттырады.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП