«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бөрлі ауданы полиция бөлімінің жеке құрамымен жұмыс кездесуін өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – құқық қорғау органдары қызметіндегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейту.
Әділдік пен ашықтыққа деген қоғамдық сұраныстың артуы аясында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған органдарда жауапкершілік пен тәртіпке ерекше назар аударылатыны айтылды.
Аумақтық департаменттің Превенция басқармасы басшысының орынбасары А.Салимов:
«Заңдылық қағидатын сақтау – тек формальдылық емес. Заңдылық қатаң сақталуы керек. Бұл сенім мен тиімді басқарудың негізі, әсіресе құқық қорғау органдарының жұмысында», – деп атап өтті.
Полиция қызметкерлерінің қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау үшін ғана емес, сондай-ақ кәсіби қоғамдастық ішінде құқықтық сананың жоғары деңгейі үшін де жауапкершіліктері ерекше екендігі айтылды.
Кездесу соңында қатысушылар құқық қорғау органдарының тиімді және адал жұмысының кепілі болып табылатын заңдылық пен әділеттілік қағидаттарына сәйкес жұмысты жалғастыруға шешім қабылдады.
#Заң_мен_Тәртіg
#ЗАҢменТӘРТІП