Жемқорлыққа қарсы еріктілер Атырау бағытындағы пойыздардың тазалығы мен техникалық жағдайын бағалады

Жемқорлыққа қарсы еріктілер Атырау бағытындағы пойыздардың тазалығы мен техникалық жағдайын бағалады

«Жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының еріктілері Атыраудан Астана, Маңғыстау қалалары және Д. Нұрпейісов ауылына қатынайтын жолаушылар пойыздарының жағдайына мониторинг жүргізді. Мониторингті еріктілер Жаннат Есмағамбетова мен Мөлдір Қобландықызы жүргізді.

Мониторинг барысында еріктілер вагондардың санитарлық жағдайына ерекше назар аударды. Жалпы пойыздар қолайлы жағдайда: орындықтар, дәретханалар және басқа жолаушылар аймақтары таза, ластану белгілері жоқ немесе дұрыс қызмет көрсетілген.  Алайда, поездарда гигиенаны сақтау үшін қажетті құралдар болған жоқ.

Сондай-ақ, мониторинг барысында вокзалда ана мен бала бөлмесі жоқ екені анықталды, кассада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған шақыру түймесі жұмыс істемейді.

Айта кету керек, жолаушылар пойыздарының жөнелтілуі уақтылы, кесте туралы ақпарат таблода және пойыздардың ішінде қол жетімді және орналастырылған, кондиционерлер мен жылыту жүйесі дұрыс жұмыс істейді. Билеттер кассаларда және ҚТЖ ресми сайтында қолжетімді. Мысалы, Атырау-Маңғыстау пойызы 46% толық, 424 орынның 197-сі толтырылған, 227 орын бос.

Еріктілер есебі теміржол көлігі сияқты маңызды нысандарды үнемі азаматтық бақылаудың маңыздылығын көрсетеді. Мұндай бастамалар, олардың пікірінше, ашықтықты дамытуға ықпал етеді және тасымалдаушылар тарапынан жауапкершілікті арттырады.

Мониторинг қорытындысы бойынша еріктілер анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар берді.

#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП

#ЗАҢменТӘРТІП