Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өңірде заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Басым бағыттардың бірі автомобиль жолдарын салу саласында, сондай-ақ спорт және туризм салаларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және азайту болып қала береді.
Осыған байланысты аталған мәселелер Атырау облысы әкімдігі жанындағы қылмыстың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында талқылауға шығарылды.
Талқылаудың негізгі тақырыбы жол құрылысы саласындағы жобаларды іске асыру кезінде анықталған жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері болды.
Облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Ерұлан Серікқалиевтің айтуынша, бұл салада көптеген жемқорлық тәуекелі анықталған. Ең маңыздыларының қатарына лауазымды тұлғалар мен мердігерлік ұйымдар арасындағы мүдделер қақтығысы, мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде жекелеген компанияларға артықшылықтар беру, жобалау-сметалық құжаттамаға негізсіз қосымша шығындар, сондай-ақ төтенше жағдай кезінде аффилиирленген компаниялармен шарттар жасасу жатады.
Талдау нәтижесінде 14 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталып, оларды жою бойынша 22 ұсыным жолданды. Алайда, іс — шаралардың орындалу мерзімі өтсе де, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен тиісті ұсынымдарды орындауға шаралар алынып жатырған жоқ, - деп атап өтті Ерұлан Серікқалиев.
Отырыс қорытындысы бойынша комиссиямен мынадай шаралар қабылданды: талдау нәтижелері бойынша қалыптастырылған іс-шаралар жоспарының уақтылы іске асырылуын қамтамасыз ету; жол саласындағы ұзақ құрылыстарды аяқтау жөнінде шаралар қабылдау; сондай-ақ жол инфрақұрылымын жөндеу кезінде күтпеген шығыстарға орынсыз жұмсалған қаражатты бюджетке қайтару, кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту.
#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП
#ЗАҢменТӘРТІП