Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында «Тамаша» сауда үйінде азаматтарды қабылдады.
Құқықтық көмекті жемқорлыққа қарсы еріктілер, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, жетекші заңгерлер, нотариустар, адвокаттар көрсетті.
Азаматтардың өтініштерінің көпшілігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, білім беру, жұмысқа орналастыру, сондай-ақ қалалық инфрақұрылымды абаттандыру мәселелері сияқты салаларға қатысты болды.
Кейбір мәселелер тиісті мемлекеттік органдар мен Департаменттің бақылауына алынып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес одан әрі шешілуі үшін қарастырылуда.
#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП
#ЗАҢменТӘРТІП