Жылыой ауданының полиция бөлімінің қызметкерлеріне жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейту туралы еске салынды

Жылыой ауданының полиция бөлімінің қызметкерлеріне жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейту туралы еске салынды

2025 жылғы 17 сәуірде «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде Жылыой ауданының полиция бөлімі басшылығы мен қызметкерлерінің қатысуымен жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелеріне арналған түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин, облыстық полиция департаментінің Ішкі қауіпсіздік басқармасының өкілдері қатысты.

Іс-шара ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын іске асыру шеңберінде өткізілді.

Кездесу барысында қызметкерлерге мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын регламенттейтін қолданыстағы заңнамалардың новеллалары мен нормалары жеткізілді.

Мүдделер қақтығысы мәселелеріне, жемқорлыққа итермелеу әрекеттері туралы хабарлау жөніндегі міндетке, жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке ерекше назар аударылды.

Қылмыстық істер бойынша ҚПК-нің 200-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың себептері мен алғышарттарын жою туралы ұсыныстар енгізіледі. Облыстың ішкі істер органдары соңғы 3 жылдағы ұсыныстарды қарау қорытындысы бойынша 41 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деді Нұрлан Жахин.

Мұндай кездесулер жемқорлыққа қарсы тұрақты мәдениетті қалыптастыруға, құқық тәртібін нығайтуға және құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға ықпал етеді.

#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП

#ЗАҢменТӘРТІП