Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет комплаенс-офицерлерге әдістемелік көмек көрсетуді жалғастыруда

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет комплаенс-офицерлерге әдістемелік көмек көрсетуді жалғастыруда

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру, ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін арттыру және медициналық мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу шеңберінде денсаулық сақтау мекемелерінің комплаенс-офицерлері үшін семинар-оқыту ұйымдастырды.

Семинардың негізгі мақсаты-денсаулық сақтаудағы нормативтік талаптар мен этикалық стандарттарды сақтауға жауапты қызметкерлердің тәжірибесімен алмасу және біліктілігін арттыру. Талқылаудың негізгі тақырыптарының ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, заңнама талаптарын сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау және өтініш берушілердің дербес деректерін қорғау мәселелері қаралды.

Семинар барысында қатысушылар заңнамадағы соңғы өзгерістермен танысты, сондай-ақ комплаенс-бақылаудың тиімді жүйесін ұйымдастыру бойынша практикалық ұсынымдар алды.

Облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдері квазимемлекеттік сектор субъектілерінде комплаенс-бағдарламаларды енгізудің табысты кейстерін ұсынып, мекемелердің ішкі саясатын өзгермелі нормативтік талаптарға тұрақты мониторингтеу мен бейімдеудің маңыздылығын атап өтті.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мәселелеріне, сондай-ақ медицина саласындағы заңсыз әрекеттерді анықтау және алдын алу тетіктеріне ерекше назар аударылды. Комплаенс-офицерлер іс жүзінде нақты жағдайларды талдап, ықтимал қауіптерді азайту үшін тиімді шешімдер ұсына алды.

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП