Заң мен тәртіп: статистика жемқорлыққа қарсы

Заң мен тәртіп: статистика жемқорлыққа қарсы

«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық статистика бюросы департаментінің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды.

Кездесу барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері туралы егжей-тегжейлі хабардар етілді. Жемқорлыққа қарсы заңнамадағы соңғы өзгерістер, сондай-ақ қызметкерлердің парасаттылығын тексеруге бағытталған «Integrity check» әдісін іске асыру талқыланды.

Бұдан басқа, белгісіз тұлғалардың жеке шотына ақша қаражатын аудару анықталған жағдайда іс-қимыл тәртібі түсіндірілді, сондай-ақ басшылардың өз қарамағындағылар жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін дербес жауапкершілігі туралы басшылықтың назарына жеткізілді.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заңнамасының, мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормалары мен қағидаттарын сақтау және тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген теріс қылықтар мен өзге де құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша ұсынымдар берілді.

Кездесу жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейнероликті көрумен аяқталды.

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП