Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Атырау облысы бойынша департаменті еріктілермен бірлесіп жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ уақтылы және сапалы құрылыс мақсатында тұрақты негізде «жайлы мектеп» жобасының іске асырылу барысына мониторинг жүргізеді.
Атап айтқанда, еріктілер Құрманғазы ауданының Ақкөл және Құрманғазы ауылдарындағы әрқайсысы 4,2 млрд теңгеге 600 орындық екі мектептің құрылысы барысымен танысты.
Мониторинг барысында құрылыс материалдарының кешігуіне, сондай-ақ жұмыс күшінің болмауына байланысты құрылыс жұмыстары жүргізілмейтіні анықталды.
Бұдан басқа, тексеру нәтижелері бойынша Құрманғазы ауылының тұрғынының өтініші негізінде монолитті қабырғалар мен тіректер жазықтығының стандарттарға сәйкес келмеуі түріндегі бұзушылықтар анықталды. Нәтижесінде мердігер ұйым мен техникалық қадағалау әкімшілік жауапкершілікке тартылып, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау туралы нұсқама берілді. Қазіргі уақытта бұзушылықтар жойылды. Сонымен қатар, осы ұйымның көші-қон заңнамасын бұзу фактілері анықталды.
Бұл бағыттағы жұмыс Департамент пен еріктілердің тұрақты бақылауында.
#законипорядок #заңментәртіп