Атырауда заңсыз сыйақы берген тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Атырауда заңсыз сыйақы берген тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне төлем картасына заңсыз материалдық сыйақының түсу фактісі бойынша Атырау қаласы полиция басқармасының тергеушісінің баянаты келіп түсті.

Атап айтқанда, азаматша ұлына қатысты істі жедел жүргізгені үшін 5000 теңге көлемінде сыйақы бергені анықталды.

Нәтижесінде, аталған тұлғаға заңсыз материалдық сыйақы бергені үшін қысқартылған тәртіппен 100 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.